Елена Рыбакина Ухань турнирін жеңіспен бастады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Елена Рыбакина выиграла первый матч на турнире-тысячнике в Ухане
Елена Рыбакина Ухань турнирін жеңіспен бастады / фото: WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде – 10-орын) Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. Румыниялық Жаклин Кристианды (48-орын) сенімді түрде ұтып, келесі кезеңге өтті — 6:4, 6:3.

Бұл екі теннисшінің биылғы маусымдағы екінші кездесуi болды. Бұған дейін Рыбакина Кристианнан Монреаль турнирінде айқын басымдықпен басым түскен еді — 6:0, 7:6 (7:5). Бұл жолы есеп тартыстырақ болғанымен, Еленаның артықшылығы айқын сезілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда теннистен өтетін Almaty open турниріне қазақстандық теннисші Александр Бубликтің қатыспайтынын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз