Netflix: үлкен экраннан сериал көріп қана қоймай, Boggle мен Tetris ойнай аласыз

Жарияланды 9 Қазан 2025 09:35

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

Netflix «Өте қызық жайттар» сериалын көріп болған соң Boggle  немесе Tetris ойнауды ұсынады. Компания сериал ғана емес, видеоойындар да болуы керек деп шешті. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.

Осы уақытқа дейін тұтынушылар видеойындарды смартфондармен ғана ойнай алатын. Ал Netflix оларды үлкен экранға шығарғалы отыр.

Компанияның бас директоры Грег Питерс стриминг сервисі алғаш рет ойындарды телевизорда да ойнауға мүмкіндік жасайтынын мәлімдеді. Netflix топ болып ойнауға болатын ойындарды ұсына алады. Олардың арасында Boggle Party , Pictionary: Game Night , Tetris Time Warp және Lego Party секілді танымал видеоойындар бар.

Бастапқыда ойындардың бәрі тегін болады. Lego Party әдетте 40 доллар тұрады, деп жазды агенттік.

Компания болашақта ойындарға да көп көңіл бөлуді көздеп отыр.

«Әлемнің көңілін көтеру үшін, біз ойын ұсынуымыз керек. Компаниялардың көбісінде тұтынушы көп, бірақ бәрінің ойындарды үйдегі телевизор экранына шығаруға мүмкіндігі жоқ», – дейді Таскан.

Видеоойын ойнау үшін Smart TV қажет. Тұтынушы телефонмен QR-кодты скандау арқылы ойынды үлкен экранға шығара алады.

Сондай-ақ оқыңыз