Қазақстан – Лихтенштейн матчын қайдан көруге болады

10 қазан, жұма күні Астанада футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан – Лихтенштейн құрамалары кездеседі.
Кездесу Астана уақытымен 19:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.
Құрамалардың турнир кестесіндегі жағдайы
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 5 ойыннан кейін 3 ұпаймен өз тобында төртінші орында келеді. Ал қарсылас Лихтенштейн әзірге ұпай жинай алмай, соңғы орында тұр.
Бұл іріктеу цикліндегі Қазақстанның жалғыз жеңісі дәл осы Лихтенштейнге қарсы алғашқы ойында тіркелген болатын. Наурыз айында өткен сол кездесуде біздің жігіттер 2:0 есебімен сырт алаңда жеңіске жеткен еді.
Группа J турнирлік кестесі (ағымдағы жағдай):
1. Солтүстік Македония — 11 ұпай (5 матч)
2. Бельгия — 10 ұпай (4 матч)
3. Уэльс — 10 ұпай (5 матч)
4. Қазақстан — 3 ұпай (5 матч)
5. Лихтенштейн — 0 ұпай (5 матч)
Айта кетейік, бұл ойында бас бапкердің қызметін уақытша Талғат Байсуфинов атқарады. Сондай-ақ, бұл ойынға «Қайрат» сапында ойнап жүрген Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты қатыса алмайды.