Қазақстан қор нарығының капитализациясы 40 трлн теңгеге жақындады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстан қор нарығының жалпы капитализациясы 39,6 трлн теңге болды. Бұл тамыз айындағы өсімге қарағанда 5,1 % артық, ал жылдың басынан бері көрсеткіш 20,4 % өскен. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Нарықтағы өсімге негізінен Kaspi.kz (+6,6 %), Қазатомөнеркәсіп (+8,7 %) және ForteBank (+15,5 %) акцияларының қымбаттауы әсер етті.

Индекс және сауда көлемі

KASE индексі тамыз айында 9 % өсіп, 6 993,05 пунктке жетті. Жыл басынан бері индекс 25,4 % өсім көрсетті.

Сонымен қатар акциялармен сауда көлемі бір айда 12,2 % төмендеп, 24,8 млрд теңге болды. Сауда белсенділігінің төмендеуіне ForteBank пен Қазатомөнеркәсіп акцияларының сауда көлемі ықпал етті.

KASE нарығындағы акциялар мен шетелдік бағалы қағаздар

1 қыркүйектегі дерек бойынша, Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда тізімінде 76 эмитенттің 89 акциясы бар.

«KASE Global» секторында 47 шетелдік компанияның акциясы және 18 биржалық инвестициялық қордың (ETF) үлестері саудаланады. Бұл сектордағы сауда көлемі тамызда 30,1 % өсіп, 17,7 млрд теңге болды. Негізгі өсім ProShares Trust, Intel, NVIDIA, AMD сияқты америкалық компаниялардың акцияларымен байланысты.

Корпоративтік және мемлекеттік облигациялар

KASE-де айналыстағы корпоративтік облигациялар көлемі 14,0 трлн теңге болды. Бұл шілдемен салыстырғанда аздап (–0,3 %) қысқарғанымен, жыл басынан бері 1,9 % өсім бар.

Корпоративтік облигациялармен сауда көлемі тамызда 496,8 млрд теңгеге жетіп, бір айда 34 % өскен. Оның басым бөлігі екінші нарықтағы мәмілелерге тиесілі. Ал первичный нарықта (яғни жаңа орналастырулар бойынша) 339,9 млрд теңге облигация сатылған, бұл шілдедегіден 8,1 % көп.

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы да өсу үстінде. Тамызда олардың жиынтық көлемі 30,0 трлн теңгеге жетіп, айлық өсім 1,6 %, жылдық өсім 11,1 % болды. Мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған сауда көлемі 791,2 млрд теңге, бұл шілдедегі деңгейден 7,5 % жоғары.

Қаржы министрлігі 590,6 млрд теңге тартып, 8 облигация шығарылымын орналастырды. Орташа табыстылығы 16,75–17,00 % аралығында. Сонымен қатар облыстар мен әкімдіктер мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 81 млрд теңге көлемінде қаражат тартқан.

Пай қорлары мен инвестициялар

1 қыркүйекке қарай елде 58 пайлық инвестициялық қор (ПИФ) жұмыс істейді. Олардың ішінде 24 интервальдық, 33 жабық, және 1 ашық қор бар.

ПИФ активтері 381,2 млрд теңгеге жетіп, тамыз айында 0,9 % өсім көрсетті. Қор активтерінің 84 % (320,1 млрд теңге) бағалы қағаздарға инвестицияланған.

Қазақстан қор биржасы 2025 жылдың алғашқы алты айында 6,2 млрд теңге таза пайда тапқан. Бұл өткен жылғы осы кезеңде 8,3 млрд теңгемен салыстырғанда 25%-ға аз.

Сондай-ақ оқыңыз