Қазақстанда медиандық жалақы 317 512 теңгеге жетті

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Медиандық жалақы мөлшері қандай? / Фото: kursiv.media архиві

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы сәуірде Қазақстандағы медианалық жалақы 317 512 теңгені құрады.

Бұл көрсеткіш қызметкерлердің жартысы осы сомадан көп, ал қалған жартысы аз жалақы алады дегенді білдіреді. Өткен жылмен салыстырғанда медианалық жалақы 11,1%-ға өскен, 2024 жылы ол 285 677 теңге болған.

Бұл зерттеу бір айда толық жұмыс істеген жұмысшыларды қамтыды, соның ішінде барлық ірі кәсіпорындар мен ірі кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын орта және шағын кәсіпорындардың 30% іріктеп алынды. 

«2025 жылдың сәуір айына қатысты нақты жалақы туралы мәліметтер барлық қосымша төлемдер, үстемақылар, сыйақылар, салықтар мен зейнетақы аударымдарын есепке алды. Зерттеу қорытындысы бойынша толық ай жұмыс істеген жұмысшылар саны аталған кәсіпорындарда 3 338,3 мың адамды құрады, олардың 48,5%(1 620,7 мың адам) ер адамдар, 51,5% (1 717,6 мың адам) әйелдер» ,– делінген хабарламада.

Орташа айлық жалақы деңгейі білім деңгейіне қарай айтарлықтай өзгереді. Мысалы, орта білімі бар қызметкерлер айына орта есеппен 289 673 теңге алған. Жоғары білімді мамандардың жалақысы 497 563 теңгені құраса, ал жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барлардың табысы 672 493 теңгеге жеткен.

Дегенмен Қазақстан ЕАЭО елдері арасында кей салалардағы жалақы өсімі бойынша артта қалып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз