Ерболат Жанабылов ісі экономикалық тергеу департаментіне жолданатын болды

Блогер Ерболат Жанабыловтың ісі экономикалық тергеу департаментіне жолданатын болды. Бұл туралы апелляциялық сот шешімінде айтылған.
«Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2021 жылдың 15 қыркүйектегі қаулысы өзгеріссіз қалсын, ал апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын», – деді сот алқасының төрағасы.
Бұған дейін сот заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша Ерболат Жанабылов пен әйелі Эльмира Төлегеноваға қозғалған әкімшілік істі тоқтату туралы қаулы шығарды. Бұл істе қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар болғандықтан, іс экономикалық тергеу департаментіне жолданатын болды.
Сот 2025 жылдың 9 қазанында Эльмира Төлегеноваға қатысты да іс қаралды. Сот бірінші сатыда шыққан шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Содан кейін блогердің адвокаты сот қаулысына шағым түсірді.
«Бірінші сатыдағы сот әкімшілік істі тоқтату туралы шешім шығарып, қылмыстық кодекстің 214-бабына сәйкес (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері бар деген тұжырымға келді. Сот шығарған қорытындыда ұтыс ойынына қатысу құны, оған қатысқандар саны, ұтыс ойынын өткізу және жеңімпаздарға ақшалай сыйақыны жеке есепшоттарына аудару фактілері, сондай-ақ ұтыс ойынының әлі аяқталмағанын ескерілген. Алайда мұның ешқайсысы ҚК 214-бабы диспозициясына сай келмейді», – деді адвокат Олег Чернов сотта.