Филиппинде 7,4 балдық жер сілкінісі болды
Жарияланды

10 қазанда Филиппин аралдарындағы Минданао өңірінде қуаты 7,4 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Reuters Еуропа және Жерторта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Жерасты дүмпуінің ошағы 58 км тереңдікте орналасқан.
Бұл уақытта, АҚШ-та цунамиді ескерту жүйесі цунами қаупі туралы жариялап үлгерді. Ол жер сілкінісі ошағынан 300 км жерге жайылуы мүмкін.
Филиппинде жер сілкінісі жиі болып тұрады. Өйткені архипелаг бірнеше тектоникалық тақталардың түйіскен тұсында орналасқан. Жер астындағы тақталардың үйкелісі үнемі жерасты дүмпулерін туғызып тұрады.