2025 жылдың алты айында Алматыға 4 млрд доллар инвестиция тартылған

2025 жылдың алты айында Алматыға 4 млрд доллар инвестиция тартылған. Бұл көркеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға артық. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды New Vision форумында айтты.
«Алматы қаласы ел экономикасының бестен бір бөлігін қалыптастырып отыр. Республикалық бюджетке түсетін қаржының төрттен бір бөлігі – оңтүстік астананың үлесі. Экономиканың ашықтығы мен қолайлы инвестициялық жағдай дамуға ықпал етеді», – деді Сатыбалды.
Қазіргі кезде Алматыда шетелдіктердің қатысуымен 30 мыңнан аса компания жұмыс істейді. Олардың географиялық аумағы да кең, 160-тан астам мемлекеттік қамтиды.
Қала әкімінің айтуынша, шаһар дамуында жоғары технологиялар, заманауи өндіріске басымдық берілген. Бизнес тарапынана қызығушылық жоғары болғандықтан, қала әкімдігі Алматы индустриалдық аймағының аумағын қосымша 600 гектарға кеңейтуді жоспарлап отыр. Цифрлық қызметтің жартысына жуығы Алматының үлесіне келетіндіктен, цифрлық дамуға басымдық берілмек.
Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған үш күндік форумға Booking.com құрылтайшыларының бірі Джефф Хоффман, Disney және Warner Brothers студияларының бұрынғы басшысы Макс Ховард, InDrive компаниясының негізін қалаушы. Арсен Томский қатыспақ.