Торт дауынан кейін кондитерге тапсырыс берушілер азайған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Кондитер Нұршат Ақбергеноваға тапсырыс берушілер азайған/коллжа kursiv.media

Кондитер Нұршат Ақбергенова құрақшы-блогер Аселина Батырдан моральдық шығын ретінде 3 млн теңге талап етіп отыр. Оның ішінде кондитер іскерлік беделіне 1 млн теңге шығын келді деп бағалаған.

Батырдың өкілі Ғазиза Әмірбекова кондитерден «іскерлік беделіңізге нұқсан келгенін айттыңыз. Осы уақыт аралығында өміріңізде қандай өзгерістер болды? Кондитер ретінде нақты қандай шығын келді?» деп сұрады.

«Тапсырыс азайды. Әрине, басқа тапсырыстар бар, бірақ бұрынғыдай тұрақты емес. Осы жағдайдың бәрі әсер етті. Көптеген адам жазып кетті. Клиент базам азайды», – деді Ақбергенова.

Астанада құрақшы-блогер Аселина Батыр мен кондитер Нұршат Ақбергенова арасындағы дау бойынша азаматтық іс қаралып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз