«Астана – Арқалық» бағытындағы пойызда Starlink интернеті іске қосылды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Фото: ашық дереккөзден

«Астана – Арқалық» бағыты бойынша жүретін №655/656 пойызында Starlink интернеті пилоттық режимде іске қосылды. Жоба биылғы жылдың соңына дейін толық апробациядан өтеді деп хабарлады министрліктен.

«Тасымалдаушылар жолаушы пойыздарында интернетті қамтамасыз ету мақсатында кезең-кезеңімен жұмыс жүргізіп келеді. Еске сала кетсек, бұған дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана – Алматы» және «Астана – Өскемен» бағыттарында пилоттық жобаларды іске қосты», – деп жазылған ведомство хабарламасында.

ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл соңына дейін тағы екі бағыттағы пойызды интернетке қосылмақшы.

Қазақстандағы пойыздар Starlink және OneWeb спутник интернетіне қосылатыны жайлы Жаслан Мәдиев осы жылы жазда мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз