Дастан Сәтпаев Қатарға медициналық тексеріске аттанды
Жарияланды

«Қайрат» футбол клубының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Қатар астанасы Дохаға қосымша медициналық тексерістен өту үшін жол тартты.
Бұл туралы ақпаратты клубтың ресми Instagram парақшасы жариялады.
«Қайраттың» шабуылшысы бүгін түнде Дохаға ұшып шығып, дәрігерлердің ұсынымы бойынша қосымша медициналық тексеруден өтеді», — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін клуб баспасөз қызметі ойыншының жарақатына қатысты түсініктеме берген еді.
Матчтан кейін Сәтпаевтың ауырсынуы күшейіп, ол медициналық штабқа жүгінуге мәжбүр болған. Тексеру нәтижесінде футболшының сол жақ жамбас бұлшықетінде шамамен төрт сантиметрге жуық ісіну, сіңірдің созылуы мен микрожарықтар анықталған.