Тоқаев сыртқы саясатта бірқатар ауыс-түйіс жасады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
СІМ бірінші орынбасары ауысты/фото: kursiv.media архиві

Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясатта ауыс-түйіс жасады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент өкімімен Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Оның орнына Ержан Ашықбаев тағайындалды.

Данияр Сарекенов Қазақстанның Словениядағы елшісі лауазымынан босатылды. Бұл қызметке Алтай Әбибуллаев барды.

Хорватиядағы елші Дәулет Батырашев енді Қазақстанның Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы елшісі қызметін қоса атқарады.

Қазақстанның Алжир халық демократиялық республикасындағы елшісі Әнуарбек Ахметов енді Тунистегі елшісі қызметін қоса атқарушы болды.

Сондай-ақ оқыңыз