Есірткі сатып ұсталғандар босаған соң ерікті болып полицияға көмектесіп жүр

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Фото: ашық дереккөзден

Есірткі сатып ұсталғандар босаған соң ерікті болып полицияға көмектесіп жүр. Бұл туралы ІІМ-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Әмірханов Бақытжан айтты.

«Заңға сәйкес, есірткі сатушылардан 1200 босап шықты.Оның 51-і ерікті болып полицейлерге көмектесіп жатыр, түрлі профилактикалық шаралар өткізіледі», – деді Әмірханов Бақытжан.

Ресми дерекке сүйенсек, 17 765 адам есірткіге тәуелді деген есепте тұр. Оның 1581-і әйелдер, 45-і жасөспірімдер, қалғаны ер адамдар.

Ал есірткі қылмысымен ұсталғандар саны – 3 672. Оның ішінде бірінші рет ұсталғандар – 2 801, ал қылмысын екінші рет жасап ұсталғандар – 871.

Жыл басынан бері елімізде 26 тонна есірткі тәркіленген. Оның ішінде бір тоннадан астамы – синтетикалық заттар. Бұл 11 миллионнан астам бір реттік дозаға тең.

Есірткі қылмыстары да азаймай тұр. Осы жылдың 8 айында есірткі қылмыстары 3%-ға артқан.

Сондай-ақ оқыңыз