Депутат ел азаматтарының полицияға неге сенбейтінін айтты

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазақстандықтардың 63%-ы полицияға сенетінін айтқан / Фото: kursiv.media архиві

Мәжіліс депутаты Снежана Имашева қазақстандықтардың полицияға сенімі артып келе жатқанын айтты. Дегенмен күдік те жоқ емес.

Имашева полицияны сервистік, ашық және есеп беретін органға айналдыру бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын еске салды.

«Социологиялық сауалнамалар полицияға деген сенімнің артқанын көрсетеді, бірақ өсім шамалы. Азаматтардың шамамен 63%-ы полицияға сенетінін айтқан, қалғандары ішінара сенеді немесе мүлде сенбейді», – деді ол.

Депутат бұл көрсеткіштің қалыптасуына ұзақ уақыт қажет болғанын айтады. Көп жылдар бойы құқық қорғау органдары жабық, есеп бермейтін және жазалаушы құрылым ретінде қабылданып келгенін де айтып өтті.

«Атап айтқанда, танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қайғылы өлімінен кейін қоғам тарапынан полиция жұмысына өзгеріс енгізу талабы күшейе түсті. Осы талаптар негізінде «сервистік модельге» көшу реформасы жүзеге асырыла бастады. Бұл модельдің негізгі мақсаты – азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, полицияның ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету«,   деп мәлімдеді депутат Үкімет сағатында.

Халық полицияға неге сенбейді?

Сенім деңгейінің төмен болуына басты себептердің бірі, полиция ішіндегі жемқорлық. Статистикаға сүйенсек, жемқорлық құқықбұзушылық жасаған әр жетінші адам – полицей. Көбінесе бұл парақорлық пен алаяқтық істері. Мұндай деректер халық арасында полицияның беделіне кері әсерін тигізетіні анық.

Айта кетейік елде жемқорлықпен ұсталғандардың шамамен 20%-ы – полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыз