600 мың теңгелік торт дауы: сотқа филолог шақырылатын болды

Құрақшы-блогер Аселина Батыр мен кондитер Нұршат Ақбергенова арасындағы дау бойынша сотқа филолог шақырылатын болды. Бұл туралы азаматтық істі қарап жатқан судья қаулысында айтылған.
Осылайша сот процесі кейінге қалды.
Бұған дейін кондитер Нұршат Ақбергенованың өкілі талап арыз берушінің жауапкермен бейбіт келісімге келуге қарсы емес екенін мәлімдеді.
«Жауапкер талап арыз беруші қойған талаптарды, яғни міндеттемелерді орындаған жағдайда бітімге келуге дайынбыз. Бұл талаптарға мыналар кіреді: 500 000 теңге сомасында қалған төлемді өтеу және менің сенім білдірушімнің беделіне зиян келтірген мәлімдемені бұқаралық ақпарат құралдарында теріске шығару. Осылар орындалған жағдайда біз мен көрсетіп отырған заңгерлік көмек үшін өтемақы өндіруден бас тартамыз. Бұл жауапкер үшін де тиімді деп ойлаймын», – деді талап арыз берушінің өкілі.