Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды

13 қазан күні сағат 16:30 шамасында Алматы мен Алматы облысында электр энергиясы уақытша сөндірілді. Бұған «KEGOC» АҚ балансындағы «Солтүстік–Оңтүстік–Шығыс» транзитінің шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеуі себеп болған, деп хабарлады «Алатау Жарық Компаниясы».
KEGOC диспетчерлік қызметінің мәліметтері бойынша, төтенше жағдай режиміне байланысты жалпы қуаты 120 мегаватт болатын электр қуатын шектеу енгізілді.
Оның ішінде Алматы қаласы бойынша — 40 МВт, Алматы облысы бойынша – 80 МВт, соның ішінде:
- Қонаев қаласы – 10 МВт
- Ұйғыр ауданы – 5 МВт
- Қарасай ауданы – 15 МВт
- Өтеген Батыр – 15 МВт
- Есік – 15 МВт
- Жамбыл ауданы – 5 МВт
- Талғар – 10 МВт
- Жібек – 5 МВт
KEGOC баспасөз қызметі хабарлағандай, шектеу уақыты сағат 18: 50-де аяқталып, электрмен жабдықтау барлық тұтынушылар үшін – «ТАТЭК» АҚ, «ЖЭС» ЖШС, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «КОРЭК» АҚ және «АЖК»АҚ үшін толық көлемде қалпына келтірілген.
Компания жарықтың сөнуін уақытша техникалық ақаулар болғанын айтып, оңтүстік өңірдің энергия жүйесін тұрақтандыру бойынша шектеулер болғанын атап өтті.