Қырғызстанда өлім жазасын қайтаруды талқылап жатыр

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Фото: ашық дереккөзден

Қырғызстан Президенті әкімшілігі өлім жазасын қайтару туралы Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Құжат республиканың нормативтік актілерін қоғамдық талқылаудың бірыңғай порталында жарияланған.

 Жобаға сәйкес, Конституцияның 25-бабының бірінші бөлігіне қосымша тармақ енгізіледі. Президент әкімшілігі «балаларды зорлау және зорлау кезінде қасақана кісі өлтіргені үшін» өлім жазасын қолдануды ұсынып отыр.

Құжатта жазылғандай, осы өзгеріс арқылы балалар мен әйелдердің өмірі мен денсаулығын ауыр қылмыстардан, соның ішінде зорлау мен кісі өлтіруден қорғауды мақсат етпек.

«Балалар мен әйелдерге зорлық көрсеткен кез келген адам бұл қоғамның мүшесі болуға лайық емес және ең қатал әрі әділ жазаға тартылуы тиіс», – деп жазылған құжатта.

Неге өлім жазасын енгізбекші?

Қырғызстанда өлім жазасын 2007 жылы президент Құрманбек Бакиев жойған. Ал оған дейін, 1998 жылдан бастап, бұл жазаға мораторий енгізілген еді.

27 қыркүйек күні Ыстықкөл облысының Барскоон ауылында 17 жастағы Айсулуу есімді жасөспірімнің өлімінен кейін ел президенті Садыр Жапаров өлім жазасын енгізуді ұсынды.

Бойжеткенкөрші Қарақол қаласына құрбысын көруге бара жатқанда таксиге мінеді. Бірақ діттеген жеріне жете алмайды. Тергеу мәліметінше, 41 жастағы жүргізуші Айсулууды көрші ауылға апарып, зорлап, кейін тоған маңында буындырып өлтірген.

Сондай-ақ оқыңыз