Конституцияның 40-қа жуық бабына өзгеріс енгізіледі

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Кемінде 10 конституциялық заң мен 50-ден астам кодекс пен заңға тиісті түзетулер енгізіледі / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 40-қа жуық бабына өзгерістер енгізілетінін жариялады.

«Мемлекет басшысы ретінде мен үшін Парламент – еліміздегі саяси жүйенің негізгі тірегі. Сондықтан алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады», – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл өзгерістер Ата заңның шамамен 40 бабын қамтиды. Осыдан кейін кемінде 10 конституциялық заң мен 50-ден астам кодекс пен заңға тиісті түзетулер енгізілуі керек.

«Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады», – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, мұндай ауқымды жұмысты бір сәтте орындау мүмкін емес, сондықтан оған мұқият дайындық қажет.

Сондай-ақ Тоқаев Қазақстанда электронды парламент іске қосылатынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз