Ауыр қылмыстармен аты шыққан Талғарға жаңа прокурор келді

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов ведомствоаралық кеңес өткізіп, Талғар ауданның жаңа прокуроры Жайнарбек Мыңбаевты таныстырды. Жаңа басшының құзырлы органдарында 18 жылдан астам қызмет өтілі бар.
Прокурордың алдында аудан көлемінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту деген міндет тұр.
Облыстық прокуратура дерегінше, жыл басынан бері Талғар ауданындағы қылмыс деңгейі 17%-ға төмендеді (1661-ден 1369 дейін). Тек қыркүйек айында ғана құқық қорғау органдары 2,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 25 қылмысты ашты және екі іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.
Жаңа оқу жылынан бастап ауданда «Заң мен тәртіп» атты азаматтық тәлімгерлік пилоттық жобасы іске қосылды. Жобаға 10 мектеп пен 3 колледж қатысады, ал тәлімгерлер ретінде прокуратура мен полицияның тәжірибелі 13 ардагері тартылған.
Талғар неге танымал?
Қылмысты азайтып жатырмыз дегенмен көпшілік Талғарды ауыр қылмыстар жиі болатын өңір ретінде таниды.
Былтыр қазанда Талғарда топтық төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат қайтыс болды. Жас баланы топ болып жабылып, ұрып, пышақтап кетуі қоғамда ерекше резонанс тудырды. Істі ІІМ ерекше бақылауына алды.
10 адам қамауға алынып, олардың сотын қазақстандықтар болып тікелей эфирден көрді.
Ал осы жылы 6 қыркүйекте 6 қыркүйегінде ер адам ауыл тұрғынын атып өлтіріп, 2 жасар қызды ұрлап әкеткен. Қазір тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.