Индонезияда жанартау атқылап, қою түтін 10 шақырымға көтерілді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Индонезиядағы Левотоби Лаки-лаки жанартауы / фото: shutterstock
Индонезиядағы Левотоби Лаки-лаки жанартауы / фото: shutterstock

15 қазанда Индонезияда Левотоби Лаки-лаки жанартауы атқылады. Одан шыққан қою қара түтін шамамен 10 шақырым биікке көтерілді. Жергілікті билік дабыл қағып жатыр. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Белсенді жанартау Шығыс Нуса-Тенгара өңірінде орналасқан. Ол 15 қазан, сәрсенбі күні түнгі сағат 1:35-те оянған. Жанартау шамамен тоғыз минут бойы атқылады.

Индонезия билігі жанартау белсенділігін алдын ала біліп, бір күн бұрын ескерту жариялаған. Ол апта басынан бері дамылсыз түтеп тұр.

«Жанартауға жақын маңда тұратын азаматтар нөсер кезінде сел жүруі мүмкін екенін естен шығармауға тиіс», – дейді геологиялық агенттік басшысы Мұхаммад Вафид.

Лебовати 2024 жылғы қарашада да атқылаған. Сол кезде он адам қаза тауып, мыңдаған үй бүлінген.

Индонезия аумағында 120-дан астам белсенді жанартау бар. Олардың бәрі Тынық мұхиттағы «Отты сақина» аумағында орналасқан. Осы маңда бірнеше тектоникалық тақта түйіседі. Олар бір-біріне үйкелген сәтте жер сілкініп, жанартаулар атқылайды.

Сондай-ақ оқыңыз