Әскердегі сарбаздар стреспен күресуге көмектесетін telegram-ботты қалай қолданады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тәртіп бойынша әскердегі сарбаздарға ұялы телефон қолдануға тыйым салынған/фото: shutterstock/бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қорғаныс министрлігі әскердегі сарбаздар стреспен күресуге көмектесетін telegram-ботты қалай қолданатынын түсіндірді, деп хабарлайды Kursiv.Media. Тәртіп бойынша әскердегі сарбаздарға ұялы телефон қолдануға тыйым салынған.

Бұған дейін министрдің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев депутаттың «әскерде сарбаздар қаза таппауы үшін қандай шара қабылданып жатыр» деген сұрағына жауап берді. Жазықбаевтың сөзінше, тәулік бойы және анонимді жұмыс істейтін telegram-бот әзірленіп, іске қосылған. Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін бот әскери қызметшілер мен олардың отбасына күйзеліспен күресуге көмектеседі.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, бот сарбаз өлімін тоқтату үшін емес, психологиялық кеңес беру үшін іске қосылған.

«Сарбаздарға телефон қолдануға тыйым салынған. Алайда сарбаздарға арналған арнайы планшеттер бар. Сол арқылы олар апта сайын белгіленген уақытта ата-аналарымен видео арқылы тілдеседі, осы telegram-ботты пайдаланады», – деді министрліктің баспасөз хатшысы Руслан Жангулин.

Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметін қарасты бөлімшелерде сарбаздар қайтыс болды. Маңғыстау облысындағы Үстірт шекара қызметінде қайтыс болған сарбаз Еркебұлан Сағындықтың туыстары оның жазатайым оқиғадан қайтыс болғанына сенбей отыр.

Сондай-ақ оқыңыз