Блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты тергеу жүріп жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жанабыловқа қылмыстық іс тіркелді/коллаж kursiv.media

Блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, деп хабарлайды KursivMedia.

«Іс бізге түсті. Қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», – деді Елемесов.

Айта кетейік, 2025 жылдың 5 қыркүйегінде блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты сот басталды. Нәтижесінде сот заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша Ерболат Жанабылов пен әйелі Эльмира Төлегеноваға қозғалған әкімшілік істі тоқтату туралы қаулы шығарды. Содан кейін Жанабыловтың ісі экономикалық тергеу департаментіне жолданатын болды. 

Сондай-ақ оқыңыз