2030 жылға қарай әлем уран тапшылығын сезінеді

«Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың айтуынша, әлемде жаңа атом реакторларының көбеюі салдарынан 2030 жылдан кейін уран тапшылығы туындауы мүмкін. Осыған байланысты компания жаңа кен орындарын барлауға кіріскен. Бұл туралы ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беру кезінде айтты.
Мейіржан Юсуповтың сөзінше, жасанды интеллектің дамуы мен деректер орталықтарының энергия тұтынуының артуы уранға сұранысты тұрақты түрде өсіріп отыр.
2025 жылы компания екі жаңа учаскеде барлау жұмыстарын бастады. Жалпы алғанда, барлау алты учаскеде жүріп жатыр, олардың жалпы аумағы 1 мың шаршы шақырымнан асады. «Қазатомөнеркәсіп» сонымен бірге сирек және сирек жер металдарын өндіруді, ғылыми зерттеулер жүргізуді және жасанды интеллект технологияларын енгізуді жоспарлап отыр.
Биыл қыркүйекте компанияның нарықтық құны тарихи ең жоғары деңгей – 14 млрд доллардан асты. IPO-дан бері акцияларының бағасы 4,5 есе өскен.
2025 жылдың алғашқы жартысында Қазақстан уран өндіру көлемін өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға арттырып, 12 242 тоннаға жеткізді (2024 жылы – 10 857 тонна).
Компанияның негізгі акционерлері: «Самұрық-Қазына» қоры – 75%,
– Қаржы министрлігі – 12,01%, жіне CITIBANK N.A.-NY (F/B/O DR HOLDERS) – 24,35% (номиналды ұстаушы). Бұл компания жай ғана шикізат өндіруші емес, әлемдік энергетикалық қауіпсіздік жүйесінің маңызды буыны. Уран өндіру көлемі бойынша дүниежүзінде №1 орынға ие.