Nestle әлем бойынша 16 мың қызметкерін қысқартпақ

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
nestle
Nestle әлем бойынша 16 мың қызметкерін қысқартпақ / фото: архив kursiv.media

Әлемге әйгілі Nestle компаниясы алдағы екі жылда 16 мың жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл жалпы қызметкерлер санының шамамен 5,7%-ын құрайды.

Компанияның жаңа бас директоры Филипп Навратил бұл шешімді түсіндіріп:

«Әлем өзгеріп жатыр, ал Nestle тезірек бейімделуі тиіс», -деді.

Бұл мәлімдеме швейцариялық азық-түлік алпауытының тоғыз айдағы сатылым көрсеткіштері жарияланғаннан кейін жасалды. Есепке сәйкес, компания табысы 1,9%-ға төмендеп, 65,9 млрд швейцариялық франкты (шамамен 71 млрд еуро) құрады.

Қысқарту бағдарламасы аясында Nestle 12 мың кеңсе қызметкерінің орнын жоюды көздеп отыр. Бұл шара компанияға 2027 жылдың соңына дейін жыл сайын 1 млрд франк үнемдеуге мүмкіндік береді.

Nestle әлемнің 180-нен астам елінде жұмыс істейді және 280 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Nestle корпорациясының бас директоры Лоран Фрейш қызметкерімен көңілдес болғаны үшін жұмыстан қуылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз