«Хан Тәңірі» ойыншысы Диас Төлеудің өліміне қатысты тергеу басталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
19 жастағы футболшы Диас Төлеу ойын алаңында қайтыс болды / Фото: KFF

Қазақстан Футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория бастаған делегация Алматыға келіп, жас футболшының өліміне қатысты жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Клуб өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта «Хан Тәңірі» футбол клубы құқық қорғау органдарымен және Федерациямен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта арнайы комиссия құрылып, барлық дерек пен факті мұқият зерттеледі.

«Тергеу барысы ашық және объективті түрде жүргізіледі. БАҚ өкілдері мен қоғам мүшелерінен расталмаған ақпарат таратпауға және ресми қорытындыларды күтуге шақырамыз», – делінген клубтың мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, 16 қараша күні кешке Бірінші футбол лигасында ойнайтын «Хан Тәңірі» клубының ойыншысы Диас Төлеу матч кезінде есінен танып, ойын алаңында қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыз