Футбол ойынында көз жұмған Диас Төлеудің өліміне қатысты дәрігерлер түсініктеме берді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
19 жастағы футболшы Диас Төлеу ойын алаңында қайтыс болды / Фото: KFF

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы матч кезінде көз жұмған 19 жастағы футболшы Диас Төлеудің ауруханаға қандай күйде жеткізілгені жайлы ақпарат таратты.

Басқарма мәліметінше, жас спортшы медициналық мекемеге клиникалық өлім жағдайында жеткізілген.

«Ауруханаға жеткізілген сәтінде науқаста жүрек соғысы мен артериялық қысым тіркелмеген, көз қарашықтары кеңейіп кеткен. Медициналық бригада жарты сағат бойы жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді. Алайда қолданылған шараларға қарамастан, аман алып қалу мүмкін болмады.Биологиялық өлім тіркелді», – делінген басқарманың ресми хабарламасында.

Өлімнің нақты себебін анықтау үшін спортшының денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Еске сала кетейік, 16 қараша күні кешке Бірінші футбол лигасында ойнайтын «Хан Тәңірі» клубының ойыншысы Диас Төлеу матч кезінде есінен танып, ойын алаңында қайтыс болды.

Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыз