«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақаттан кейін алаңға оралды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайрат жұлдызы Темірлан Анарбеков жанкүйерлеріне қайырылды
Темірлан Анарбеков ауыр жарақаттан кейін алаңға оралды / фото: fckairat

«Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков жақ сүйегін сындырып алғаннан кейін қайтадан негізгі құрамға оралды.

Бір айға жуық емделу мен қалпына келтіру кезеңінен кейін футболшы қайта сапқа қосылды. Бүгін, 17 қазан күні, Анарбеков 25-тур аясындағы «Қызылжарға» қарсы кездесуде алматылықтардың негізгі құрамында алаңға шығады. Ойын 15:00-де басталады.

Айта кетейік, Темірлан жарақатты 14 қыркүйекте өткен Қазақстан Премьер-лигасының 23-турындағы «Ақтөбеге» қарсы матчта алған еді. Анарбековтің жарақатынан кейін қақпаға 18 жастағы Шерхан Қалмырза тұрған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз