Қазақстан қыркүйек айында 12 мыңға жуық жеңіл автокөлік шығарды

Жарияланды 17 Қазан 2025 16:33

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Қыркүйекте өндіріс көлемі 15,1% артқан / Фото: kursiv.media архиві

Қазақстандағы зауыттар атотехника құрастыру өндірісінің көлемін ұлғайтты. Қыркүйек айында 13 мыңнан аса отандық техника шығарды, әсіресе жеңіл автокөліктің үлесі басым.

«ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше қыркүйекте Қазақстандағы зауыттар жалпы құны 180 млрд теңге болатын 13 021 бірлік техника шығарды. 2024 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 2025 жылы қыркүйекте өндіріс көлемі 15,1% артқан«, делінген хабарламада.

Отандық автоөндірістің күз басындағы көрсеткіші жаман емес. Мәселен, 11 642 жеңіл автокөлік, 748 жүк көлігі, 293 автобус, 290 тіркеме және жартылай тіркеме, сонымен қатар 48 бірлік басқа арнайы техника құрастырылды.

Жалпы тоғыз айда елдегі кәсіпорындар жалпы құны 1,5 трлн теңгеге тең 109 223 бірлік техника құрастырған. Алдыңғы жылы олардың саны 93 360 болған еді (+17%). Саланың машина жасау сегментіндегі үлесі – 40,6%.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметке сүйенсек, көлік саны бойынша әдеттегідей Қостанай (Allur) алда келеді, ондағы мамандар 61 501 бірлік техника өндірді (+11,6%). Алматыдағы зауыттар (Hyundai Trans Kazakhstan, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 42 684 жеңіл және коммерциялық автомобиль шығарды (+44,3%). Семейде (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 3 442 бірлік(-20,2%), Қарағанды облысында QazTehna 1 371 бірлік (+36%), Көкшетауда КАМАЗ-Инжинирингтің 932 бірлік коммерциялық техника (+11,4%) шығарды.

Қазақстанда аса танымал болған брендтер:

  • Hyundai (38 968 бірлік)
  • Chevrolet (21 566 бірлік)
  • Kia (19 060 бірлік)
  • Jetour (10 180 бірлік)
  • Jac (8 483 бірлік)

Модельдер арасында:

Chevrolet Cobalt (17 706 бірлік)

Hyundai Tucson (15 416 бірлік)

Kia Sportage (8 918 бірлік)

Hyundai Mufasa (6 416 бірлік)

Hyundai Elantra (5 654 бірлік)

Еске салайық жуырда депутаттар электромобильдерге жеңілдік режимін тағы 3 жылға ұзартуды сұрады.

Сондай-ақ оқыңыз