АҚШ-та 7 миллионға жуық адам Трамп саясатына қарсы минитнгке шықты

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Бұл АҚШ тарихындағы ең ірі бір күндік жалпыұлттық акциялардың бірі болды / Фото: © AP Photo / Olga Fedorova

АҚШ-та Дональд Трамптың саясатына қарсы 7 миллионға жуық адам жаппай наразылық акцияларына қатысты.

«РИА Новости» хабарлауынша, No Kings қозғалысы ұйымдастырған наразылық акциясы ел бойынша 2,7 мыңнан астам қала мен елдімекенде өткен.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл АҚШ тарихындағы ең ірі бір күндік жалпыұлттық акциялардың бірі болды.

«Бүгін шамамен жеті миллион америкалық қазіргі әкімшіліктің саясатына қарсы өз наразылығын білдіріп көшеге шықты», — деді No Kings ұйымы.

АҚШ билігі наразылық акцияларына қатысушылар саны туралы ресми деректерді әлі жарияламады. Алайда ұйымның мәліметінше, екінші толқын біріншіге қарағанда шамамен екі миллион адамға көп болған.

Әсіресе, Чикагода өткен акцияда қатысушылар көп болған. Indivisible Chicago Alliance ҰҚБ бағалауынша, қала көшелеріне 250 мың адам шықты. Жаппай митингілер Нью-Йорк, Вашингтон, Лос-Анджелес және Сиэтл қалаларында да өтті.

Reuters мәліметіне сүйенсек, полиция Нью-Йоркте, 100 мыңнан астам адам наразылық акциясына шыққанын хабарлаған. Дегенмен бірде-бір тұтқындалу оқиғасы тіркелмеген. Агенттіктің мәліметінше, наразылар тобы әртүрлі болған, олардың арасында балаларының арбасында жүрген ата-аналар, зейнеткерлер және үй жануарларымен бірге жүрген адамдар да болды.

Митинг салдарынан елдегі федералдық үкіметтің жұмысын уақытша тоқтатылған. CNN хабарлауынша, демонстранттар АҚШ-тың көші-қон және кеден полициясының (ICE) рейдтеріне, қалалардағы әскерлердің орналастырылуына және федералдық бағдарламалардың, әсіресе денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалардың қысқаруына наразылық білдірді.

No Kings қозғалысының бұған дейінгі митингілері биыл 14 маусымда өткен болатын. Сол кезде ел бойынша 2,1 мыңнан астам акция ұйымдастырылып, шамамен бес миллион адам қатысты.

Сондай-ақ оқыңыз