Астанада ринопластикадан кейінгі өлім тіркелді: емхана лицензиясыз жұмыс істеген

Астанадағы жеке клиникалардың бірінде мұрын қалқасын түзетуге арналған жоспарлы операциядан кейін Ақтау тұрғыны көз жұмды.
Тенгриньюс.кз басылымының мәліметінше, Ақтау тұрғыны Астанадағы жеке клиникада мұрын қалқасын түзетуге арналған операциядан кейін қайтыс болған.
Баспасөз деректері бойынша, әйел 2025 жылы 3 маусымда септоринопластика процедурасынан кейін жан тапсырған. Оның ұлы анасының тыныс ала алмай, қиындық көргенін айтып, сондықтан хирургиялық операцияға барғанын жеткізген. Операцияны сол дәрігер жасаған. Ал ол биыл сәуір айында Қостанай қаласының 22 жастағы тұрғынына сондай ұқсас операция жүргізген. Сол кезде пациент комаға түскен.
Ақтау тұрғынының туыстары хирургты кәсіби міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеді, өйткені оның әрекеті адам өліміне себеп болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 10-16 шілде аралығында Medina Plastic Surgery жеке клиникасына жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Тексеру барысында анықталғандай, операция жасалған 3 маусым күні клиникада медициналық қызмет көрсетуге лицензия болмаған.