Астана қақаған қыста жылусыз қалмайды

Орынбор ГӨЗ жұмысының тоқтатылуына байланысты Қазақстанға газ жеткізілу тоқтамайды және Астана қаласы жылусыз қалмайды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Энергетика министрлігі 2025 жылғы 20 қазанда Орынбор газ өңдеу зауытында (ГӨЗ) шикізат қабылдау уақытша тоқтатылуына байланысты орын алған жағдайға орай мәлімдеме жасады.
«БАҚ пен әлеуметтік желілерде таралған, «Астана мен басқа да өңірлерде газ тапшылығы болуы мүмкін» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта елдің газдандырылған өңірлеріне, соның ішінде елордаға газ қалыпты режимде, толық көлемде және еш шектеусіз жеткізілуде», – делінген министрлік хабарламасында.
Ақпаратқа сүйенсек, газ алдын ала резервтік тетіктерден жеткізіліп жатыр. Сондықтан елорда жылу электр орталығында газ тапшылығы жоқ.
Бұған қоса министрлік жақын арада Орынбор ГӨЗ-де газ қабылдау қайта басталуы қажет екенін атап өтті. Уақытша шектеулерге байланысты Қарашығанақ кен орнының операторы өндіру көлемін бақылаулы түрде азайтылған.