Қосшыда жаңа деректер орталығы салынады

Қосшыда Қазақстандағы ең ірі деректер орталығы құрылады. Ол туралы үкімет отырысында сөз сөйлеген «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин айтып берді.
«Қосшы қаласында 250 стойкасы бар жаңа деректер орталығы құрылады. China Energy корпорациясымен ірі 100 мегаваттық 5000 стойкасы бар ірі супер ЦОД жобасының құрылысы келесі жылы басталады. Тиісті құжаттарға қол қойылды. Бұл шетелдік инвестицияға салынатын ең ірі дата орталық болады», – деді Мусин сөзінде.
Дата орталыққа қажетті инвестицияның 70%-ын қытайлық компания құяды. Сондай-ақ Алматыдағы ЖИ кластерінің жұмысы да аяқталып қалғанын айтты.
«Қазіргі қолданыстағы деректер өңдеу орталықтарына қоса Алматыда ЖИ кластері жұмыс істеп тұр. Оның ұқсатылуы 90% жетті. Яғни елімізде жасанды интеллектті дамытып, пайдаланып жатыр бәсекелестік ортада», – деді «Қазақтелеком» басшысы.
Қазір «Қазақтелеком» барлығы 25 дата-орталығына иелік етеді. Айта кетейік, осы жылы жазда Астанада Орталық Азиядағы алғашқы Tier 4 деңгейіндегі дата-орталықтың құрылысы басталды. Жоба іске асса, Amazon, Alibaba, Netflix сияқты әлемге әйгілі компаниялар Қазақстанға келіп, қызмет көрсете алады.