«Курсивтің» тұрақты дамуға арналған форумы басталды (live)

Жарияланды 21 Қазан 2025 12:52

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
Kursiv ESG Conference 2025
Фото: Kursiv.Media, Милош Муратовский

Алматыда қоршаған орта, әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына арналған ірі бизнес-форум басталды. Kursiv ESG Conference  атты жиында қаржы және нақты экономика секторындағы ірі компаниялардың өкілдері мен сарапшылары тұрақты даму саласындағы жетістіктерімен бөлісіп, өз ұсыныстарын жеткізеді.

Форумда:

  • Қазақстан корпоратив секторының іс-тәжірибесіне тұрақты даму қағидаттарын енгізу
  • «Жасыл дамудың шегі бар ма?»: технологиялық компаниялардағы ESG
  • Қазақстандық компанияның тұрақты даму жөніндегі мінсіз есебінің құрамдас бөлігі атты тақырыптар аясында панельдік сессиялар өтеді.

Шақырылған қонақтар арасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай, Дүниежүзілік банк тобының мүшесі Адалят Әбдуманапова, Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов, FreedomHoldingCorp. тұрақты даму жөніндегі бас директоры Бағлана Мусина бар.

ESG форум – бұл бизнес, мемлекет, қаржы ұйымдары мен сарапшылар бас қосатын ірі диалог алаңы, онда тұрақты даму (sustainable development) тақырыптары талқыланады.

ESG – үш негізгі бағыттың қысқартылған атауы:

  • E (Environmental) – экология, қоршаған ортаны қорғау;
  • S (Social) – қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілік;
  • G (Governance) – корпоративтік басқару және ашықтық.

Kursiv.Media ұйымдастырған конференцияны тікелей эфирден көріңіз:

Сондай-ақ оқыңыз