Ипотекалық бағдарламалар пәтер бағасына қалай әсер етеді

Қазақстандағы жаңа ипотекалық бағдарламалар пәтер бағасы мен инфляцияға әсер ете ме? Бұл сұраққа Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жауап берді.
Сүлейменов бұл мәселенің әзірге Үкіметпен талқыланбағанын айтады.
«Бағалар белгілі бір шекте болады. Бағдарламаның көлемі қандай болатыны да маңызды. Осыдан кейін біз инфляциялық әсерін бағалай аламыз. Әзірге мұндай есептеулер жүргізілген жоқ», — деді ол.
Ипотека уақытша тоқтап тұр
Бұған дейін «Курсив» еліміздегі ең ірі тұрғын үй несиесін беретін банктерге сауалнама жүргізген еді. Базалық мөлшерлеме 18%-ға көтерілгеннен кейін, Freedom Bank пен Отбасы банкін қоспағанда, көптеген банктер ипотека беруді уақытша тоқтатты.
Еске салайық, Ұлттық банк «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиті бағдарламасын бекіту туралы» қаулыны өзгертті. Енді Қазақстанның ірі қалаларында 30 млн теңгеге дейін ипотека алуға болады.