Депутаттар ең төменгі жалақы мөлшерін 110 мың теңгеге өсіруді ұсынды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Депутаттар ең төмен жалақының мөлшерін қайта қарау қажет деп санайды / Фото: kursiv.media архиві

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төменгі жалақы мөлшерін 110 000 теңгеге дейін көтеруді ұсынды. Бұл «2026 — 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының қорытындысында жазылған.

«Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген ең төмен жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін қабылдауға байланысты Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төмен жалақының мөлшерін 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін ұлғайту жағына қарай қайта қарау қажет деп есептейді», – делінген комитет ақпаратында.

Осыған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылы азаматтық мемлекеттік қызметкерлер үшін ең төменгі жалақы 99 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін екенін айтқан еді. Вице-министрдің айтуынша, медианды жалақы мен еңбек өнімділігінің көрсеткіші жыл сайын артып келеді.

Айта кетейік бүгінде Қазақстанда 1,1 млн адам 85 мың теңге немесе одан да төмен деңгейде жалақы алады

 

Сондай-ақ оқыңыз