«Қайрат» – «Астана» матчының билеттері сатылымға шықты
Жарияланды

26 қазан күні сағат 15:00-де Алматының Орталық стадионында маусымның басты ойыны «Қайрат» пен «Астана» ойыны өтеді. Командалар чемпиондық үшін таласады. Дәл осы кездесуде ел чемпионы анықталады.
Билеттер Freedom SuperApp және Kairat SuperApp қолданбаларында сатылымда. Клуб өкілдері жанкүйерлерді билеттерді тек ресми платформалардан сатып алуға шақырады.
Бір электронды поштаға ең көбі екі билет рәсімдеуге болады. Тапсырыс кезінде ЖСН енгізу қажет (екі адам болса — екі ЖСН көрсетіледі). Үшінші тарап сайттарынан алынған билеттер жарамсыз болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, кеше 21 қазан күні «Қайрат» өз алаңында «Пафоспен» тең ойнаған еді. «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков бұл ойында үздік ойыншы атанды.