Алматыдан Варшаваға тікелей ұшуға болады
Жарияланды

Польшаның ұлттық әуе тасымалдаушысы LOT Polish Airlines 2026 жылғы 31 мамырдан бастап Алматы мен Варшава арасында тікелей рейсті іске қосады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Алматы халықаралық әуежайының ақпаратына сүйенсек, жазда рейстер аптасына төрт рет – сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері болады. Қыста – аптасына үш рет: дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері. Әуе кемесінің түрі – Boeing 737 MAX 8.
Ұшу ұзақтығы Варшавадан шамамен 6,5 сағатты құрайды және кері бағытта шамамен бір сағатқа ұзағырақ болады. Билеттердің бағасы бір бағытта 303,5 мың теңгеден басталады. Өзіңізбен бірге 8 кг-ға дейінгі қол жүгін, сондай-ақ, 23 кг-ға дейінгі багажды ала аласыз.
Осыған дейін Атыраудан Миланға тікелей ұшу мүмкіндігі ашылғанын жазған едік.