Сегіз жастағы баланы ит талап өлтірді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сегіз жастағы бала ауруханада көз жұмған / REUTERS
Сегіз жастағы бала ауруханада көз жұмған / REUTERS

Сегіз жастағы баланы ит талап өлтірді. Оқиға Қырғызстанның Ош облысында болды. Бұл туралы жергілікті ішкі істер бөлімі хабарлады.

Kaktus.media ақпаратына қарағанда, 22 қазанда Қара-Құлжа ауданының ішкі істер бөліміне Қара-Көз ауылынан хабар келіп түседі. Онда 2017 жылы туылған балақай аудандық ауруханада қайтыс болғаны айтылған.

ІІБ мәліметі бойынша, оған ит шабуыл жасаған. Соның кесірінен бала ауруханаға көз жұмған.  

Бұл дерек тіркеліп, тексеру жұмыстары басталған.

Бұған дейін, Алматының іргесінде бірнеше ит 9 жасар баланы қан-жоса қылып талап тастаған.

Мұның алдында жануардың шабуылынан қалай қорғану керек екені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз