Бала сатқан медбике 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бала сатқан медбике 15 мың АҚШ долларын алмақ болған / фото: ЖИ,  бильд-редактор: Дастан Шанай
Бала сатқан медбике 15 мың АҚШ долларын алмақ болған / фото: ЖИ, бильд-редактор: Дастан Шанай

Бала сатқан медбике 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оқиға Өзбекстанның Қашқандария облысында болды.

Gazeta ақпаратына қарағанда, емхананың бірінде жұмыс істейтін медбике екі мәрте баланы саудаға салған. Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан қызды үш жасында, сосын бес жасында сатуға ұмтылған. Бағасын 19,7 млн сом (866 800 теңге) және 15 мың АҚШ доллары деп белгілепті. Оны басқа бір әйел сатып алған. Медбике баласын сатып алушыға туу туралы куәлік жасап беремін деп, тағы да 2 млн сом талап еткен.

Екі жыл өткен соң бес жасқа келген қызды бір ер адамға 15 мың АҚШ долларына сатпақ болған. Осы сәтте оны құқық қорғау органдары ұстаған.

Сот оны адам саудасы және алаяқтық үшін айыптап, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Қазақстанда адам саудасына қатысы бар қылмыстық топ ұсталғаны туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз