ВТБ банктің санкцияға ілінуі Қазақстанның қаржы жүйесіне әсер ептейді – Агенттік

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: vtb-bank.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «ВТБ Банк (Қазақстан)» АҚ-тың Еуропалық Одақ Кеңесінің 19-пакет санкциялар тізіміне енгізілуі Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығына әсер етпейтінін хабарлады.

«Аталған банк 2022 жылдан бері санкциялық режимде жұмыс істеп келеді. Өз кезегінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашықтық, қаржылық тұрақтылық және халықаралық міндеттемелерді сақтау қағидаттарына, соның ішінде ұлттық қаржы жүйесін халықаралық санкцияларды айналып өту үшін пайдалануға жол бермеу қағидатына беріктігін растайды. «ВТБ Банк (Қазақстан)» АҚ ЕҰ пруденциялық нормативтерді, соның ішінде капитал мен өтімділіктің жеткіліктілік коэффициенттерін, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада белгіленген өзге де талаптарды сақтап отыр», – делінген Kursiv.media басылымына берген жауабында.

ВТБ банк санкцияға ілінді

Еске сала кетейік, Қазақстандағы ВТБ Банк Еуропалық одақтың (ЕО) Ресейге қарсы санкциялар пакетіне енгізілгені бұған дейін хабарланған.

Қазақстандағы ВТБ Банк – ресейлік ВТБ қаржы тобының еншілес банкі. Ол Қазақстанда 2008 жылы құрылып, 2009 жылғы мамырда жұмысын бастаған.

Сондай-ақ оқыңыз