Аселина Батыр желіде кондитердің беделіне нұқсан келтірген бе – сараптама қорытындысы

Құрақшы-блогер Аселина Батыр әлеуметтік желідегі жазбасы арқылы кондитер Нұршат Ақбергенованың іскерлік беделіне нұқсан келтірген. Бұл іске тартылған филолог қорытындысында айтылған.
Жауапкердің желідегі жазбасына филологиялық сараптама жүргізілген.
Лингвистикалық талдау жарияланым мәтінінде «кондитер» деп аталған нақты әйел адамға қатысты негативті сипаттамалар бар екенін көрсеткен. Әйелдің атын атамаса да, «кондитер» лексемасын, әйелге тән грамматикалық формаларды қолданған. Сондай-ақ жанжал, қызмет көрсету, төлем талап ету сияқты сипаттарды қолдану Ақбергенованың кәсібіне сәйкес келеді.
Сараптама Аселина Батырдың «Мұндай кондитерді біліп жүру керек. Оған тапсырыс беруге, онымен бірге жұмыс істеуге болмайды, өйткені мұндай адамдар қарапайым халық атын жамылып, ақша бопсалайды» деген жазбасына жүргізілген. Бұл жазбасында құрақшы кондитер Ақбергенованы «алаяқ» деп атаған.
«Бұл сөздер ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге нұқсан келтіретін мәлімет қатарына жатқызылуы мүмкін», – делінген сараптама қорытындысында.
Айта кетейік, Нұршат Ақбергенова құрақшыдан моральдық шығын ретінде 3 млн теңге өндіргісі келеді. Сондай-ақ торттың қалған құны ретінде 500 мың теңге өндіруді сұрап сотқа талап арыз жолдаған.