Геннадий Головкин World Boxing президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды

Қазақстан Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин халықаралық World Boxing ұйымының президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Kursiv.Sport.
Президент лауазымына дауыс беру 23 қараша күні Рим қаласында өтеді.
«Достар, мен халықаралық World Boxing федерациясының президенті лауазымына өз кандидатурамды ұсыну туралы маңызды шешім қабылдадым. Менің миссиям — бокстың олимпиадалық болашағын сақтау, сенімді нығайту және спортшыларды, жаттықтырушылар мен федерацияларды біздің спортты дамыту жолындағы талпыныстарында қолдау. «, – деп жазды Головкин желідегі аккаунтына.⠀
Оның айтуынша, негізгі мақсат Халықаралық Олимпиада комитетінің толық мойындауына келісім жасап, бокстың Лос-Анджелес-2028, Брисбен-2032 және алдағы Олимпиада ойындарындағы орнын бекіту.