Егемендік декларациясына 35 толуына орай ту көтерілді
Жарияланды

25 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні және Егемендік туралы декларацияның қабылдануына 35 жыл толуына орай мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Салтанатты шара «Ақорда» резиденциясы алдындағы алаңда ұйымдастырылды. Құрмет қарауылының басшысы президентке рапорт берді. Содан кейін мемлекеттік туы көтеріліп, әнұран орындалды.
Көк байрақты ту көтеру рәсімі республиканың барлық өңірінде жалғасады.
Егемендік декларациясы 1990 жылғы 25 қазанда қабылданды. Бір жылдан кейін Қазақстан тәуелсіздігін жариялады.