Шымкенттегі мерекелік отшашудан кейін өрт шықты
Жарияланды

25 қазан кешінде Шымкент қаласында мерекелік отшашу кезінде құрғақ шөп тұтанып, өрт шықты.
Әуелі өрттің видеолары әлеуметтік желіге тарап кеткен. Кейін ресми орган – Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті ақпарат таратты. Ресми мәліметке сәйкес, өрт сағат 23:42-де Нұрсат шағынауданында басталған.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 23:50-де толық сөндірілген. Тілсіз жауды ауыздықтауға 18 қызметкер мен төрт бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.
Жалын шарпыған аумақтың көлемі 250 шаршы метрді құрады. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.