«Қайрат» Қазақстан чемпионы атанды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Қайрат» Қазақстан чемпионы атанды
«Қайрат» Қазақстан чемпионы атанды / фото: fckairat

Бүгін, 26 қазан күні Алматыда өткен Премьер-лиганың соңғы турындағы басты ойын ел чемпионатын қорытындылады. «Қайрат» пен «Астана» арасындағы шешуші кездесу 1:1 есебімен аяқталып, алматылық клуб Қазақстанның 2025 жылғы чемпионы атанды.

Ойын барысы

Матчтың алғашқы бөлігінде «Астана» шабуылшысы Марин Томасов есепті ашып, елордалық клубқа үміт сыйлаған еді. Алайда екінші таймда «Қайрат» ойын тізгінін өз қолына алып, Дастан Сәтпаевтың голының арқасында таразы басын теңестірді. Осы есеп кездесу соңына дейін сақталып, чемпиондық тағдыры шешілді.

Қайрат – Чемпион!

Бұл нәтижеден кейін «Қайрaт» 26 ойыннан кейін 59 ұпай жинап, маусымды бірінші орында аяқтады. Ал «Астана» 57 ұпаймен екінші сатыда қалды. Чемпионаттың үздік үштігін 54 ұпаймен «Тобыл» түйіндеді.

Айта кетейік, Қазақстан біріншілігі аяқталғанмен, «Қайрaт» үшін бұл маусым аяқталған жоқ. Алматылық клуб алдағы уақытта әлі Чемпиондар лигасының аясындағы ойындары өткізеді. Алайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты «Қайраттың келесі ойындары Астанада өтуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз