Жаңбыр, қар: алдағы үш тәуліктегі ауа райы

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәуліктегі ауа райы жауын-шашынды/ Pexels/Tom Swinnen, бильд-редактор: Аружан Махсотова
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәуліктегі ауа райы жауын-шашынды/ Pexels/Tom Swinnen, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Алдағы үш тәуліктегі ауа райы жайлы синоптиктер ақпарат берді. Болжамға сәйкес, осы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, жел күшейеді.

ҚазТАГ жазуынша, алдағы күндері Атлантикадан келген циклон Қазақстанның батыс бөлігіне ығысып, соның әсерінен елдің батысында жаңбыр жауып, жел күшеюі күтіледі.

«Ал солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек 30 қазан күні күндіз жауын-шашын солтүстік өңірлерге де жетеді», – делінген 28–30 қазанға арналған ауа райы болжамында.

Сондай-ақ елдің оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Таулы аудандарда түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі.  

Елдің барлық аумағында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі ықтимал.

Синоптиктердің болжамынша, күндізгі уақытта ауа температурасы көтерілуі ықтимал. Айталық, солтүстікте +10…+15°С, орталық пен шығыста +10…+18°С, оңтүстікте +20…+28°С, ал батыс пен оңтүстік-шығыста аздап төмендеп, +9…+17°С шамасында болады.

Сондай-ақ оқыңыз