Екібастұз қаласында электр станциясын салатын инвестор табылмады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Китайская компания сохраняет интерес к модернизации Экибастузской ГРЭС-2
Екібастұз қаласында электр станциясын салатын инвестор табылмай жатыр / Фото: kursiv.media архиві

Екібастұз қаласындағы МАЭС-3 станциясын салатын инвестор табылмай тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Министрлік тендер өткізгенімен, нәтижесіз болған.

Ақкенженовтің мәліметінше, инвесторды анықтауға жарияланған тендерге тек бір компания қатысқан. Қазақстан заңнамасына сәйкес, тендер жарамды деп танылу үшін кемінде екі компания қатысуы керек.

Осы жағдайға байланысты министрлік Үкімет Аппаратына «бір көзден сатып алу» тәсілімен келісімшартқа отыру туралы шешім қабылдауды сұрап хат жолдаған.

Министр қазіргі уақытта Үкіметтің түпкілікті шешімін күтіп отырғанын мәлімдеді.

Екібастұз қаласындағы үшінші электр станциясын салуға қатысты тендер екі рет өткізілген. Біріншісі талапқа сай өтінімнің болмауынан жарамсыз деп танылса, екінші ретінде бір ғана өтінім түскен. Осы өтінім негізінде тендерлік комиссия GCL&Integra Energy Ltd. жеке компаниясын жеңімпаз ретінде тану туралы хаттаманы үкіметке жолдаған.

Жобаның жалпы құны – 3,033 трлн теңге. Ал электр қуатын қолдау үшін белгіленген ең жоғары жеке тариф – 1 мегаватт үшін айына 6,937 млн теңге. Құрылыс 2025 жылдан 2032 жылға дейін жүргізілуге тиіс болған.

Сондай-ақ оқыңыз