Шетелдіктер Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған – ҰҚК
Жарияланды

Шетелдіктер Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
«2025 жылдың қыркүйегінде комитет Алматы қаласында 5 шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алды. Бәрі қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды.
«Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, жыл басынан осындай қылмыс үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде алты адам – шетел азаматы.