Қырғызстанда бірнеше медиа экстремистік деп танылып, жұмысына тыйым салынды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Қырғызстандағы БАҚ
Қырғызстандағы БАҚ / фото: Sputnik

Бішкек қалалық соты Temirov Live, Kloop.kg және «Айт айт десе» медиажобаларын экстремистік деп танығанын растады. Бұл туралы Kaktus Media жазады.

Сот шешімімен Temirov Live, Kloop.kg (ҚҚ «Клооп Медиа») және «Айт айт десе» медиажобаларының ақпараттық материалдары, сондай-ақ Т.Б.М. (Болот Темиров) пен Т.Р.Р. (Ринат Тухватшин) қызметі экстремистік деп танылды.

Сонымен қатар Болот Темиров пен Ринат Тухваштиннің басшылығымен немесе қатысуымен жұмыс істейтін Temirov Live, Kloop.kg (ҚҚ «Клооп Медиа») және «Айт айт десе» жобаларының интернеттегі қызметіне тыйым салынды.

Аталған шешімді орындау міндеті Қырғыз Республикасының Цифрлық даму және инновациялық технологиялар министрлігіне қарасты Байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметіне жүктелді.

Былтыр Бішкек соты Kloop Media қоғамдық қорын тарату туралы шешім қабылдаған. Басылымның сайты 2023 жылдың қыркүйегінде Қырғызстанда бұғатталды. 

Сондай-ақ оқыңыз