«Отбасы банк» жастарға 5%-бен ипотека береді

«Отбасы банк» Жамбыл облысының жастарына арналған «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды бастады.
Бағдарлама өңірде жастарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған және оған 35 жасқа дейінгі тұрғындар қатыса алады.
Жеңілдетілген ипотека шарты бойынша қарыз сомасы 15 млн теңгеге дейін беріледі. Егер таңдалған тұрғын үйдің құны бұдан жоғары болса, бағаның айырмасын үміткер өз қаражатымен төлейді.
Бағдарлама бойынша бастапқы жарна бар болғаны 5%, ал жылдық пайыздық мөлшерлеме 5% деп белгіленген.
Сонымен қатар жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 5,2%-дан 5,7%-ға дейін болады. Қарызды өтеу мерзімі 19 жылға дейін қарастырылған.
Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер 28 қазаннан 6 қарашаға дейін қабылданады. Өтінім онлайн форматта www.e-jambyl.kz платформасы арқылы беріледі
Одан бөлек әскерге барғандар Отбасы банктен төмен пайызбен несие ала алады.